Зейнеткерлерге керемет мүмкіндік: салықсыз табыс табуға болады

Қазақстанда «самозанятый» режимі арқылы табыс табатындар үшін жақсы жаңалық бар. Егер сіз зейнеткер болсаңыз — барлық салықтар мен төлемдерден толық босатыласыз!
Ай сайын 1 297 500 теңгеге дейін табыс табуға болады:
— Жеке кәсіпкер (ИП) ашудың қажеті жоқ
— Есеп тапсыру жоқ
— Бухгалтер жалдаудың керегі жоқ
Жеңілдіктер кімдерге беріледі?
— Зейнеткерлер — барлық төлемдерден толық босатылады
— I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар (мерзімсіз) — зейнетақы және медсақтандыру төлемейді
— I–III топтағы мүгедектігі бар жандар, 6 және одан көп баласы бар аналар, декреттегі әйелдер, күндізгі бөлім студенттері — медсақтандырудан босатылады
Егер сіз осы санаттардың біріне кірсеңіз, жеңілдіктер автоматты түрде есепке алынады (мысалы, Kaspi арқылы төлем қабылдасаңыз).
Ал басқа азаматтар үшін бұл режимде бар болғаны 4% ғана төлем қарастырылған.
Қысқасы, бұл — қосымша табыс табудың ең оңай әрі тиімді жолдарының бірі!



