Қоғам

 Астанада қар сәуірдің басында толық ериді

Синоптиктердің болжамынша, елордада қар наурыздың соңына дейін сақталып, сәуірдің алғашқы онкүндігінде толық ериді.

21–31 наурыз аралығында Астана қаласында жауын-шашынсыз, құрғақ ауа райы күтіледі.

Болжам:
Түнде: −10°C дейін
Күндіз: +3…+5°C

Кезең ортасынан бастап күн жылына бастайды:
25 наурыздан: +7…+9°C
26 наурыздан: +10…+12°C

Ай соңында:
Күндіз: +12…+14°C
Түнде: шамамен 0°C

Бұл күндері жауын-шашын болмайды, бірақ тұман мен көктайғақ болуы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, осындай ауа райы сәуір айының басында қардың біртіндеп еруіне әсер етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button