Қоғам
28 наурыз жарықты үнемдеу акциясына қатысыңыз

Қазақстан «Жер сағаты» экологиялық акциясына қосылады.
28 наурыз күні сағат 20:30-да еліміз бойынша бір сағатқа жарық сөндіріледі. Айта кетейік, Қазақстан бұл бастамаға биыл 17-рет қатысып отыр.
Акция аясында елордадағы маңызды нысандар — Ақорда, Бәйтерек, Астана-Опера ғимараттары жарығын символикалық түрде өшіреді.
Акцияға сіз де қатысыңыз:
28 наурыз күні сағат 20:30-да үйіңіздегі жарық пен электр құрылғыларын бір сағатқа сөндірсеңіз жеткілікті.
Бұл бастама табиғатты қорғауға назар аударып, энергияны үнемдеудің маңызын еске салады



