Қоғам

Астаналық жастар JOLTAP арқылы табыс табуда

Астанада жүзеге асырылып жатқан JOLTAP жобасы жастарға жаңа мамандықтарды меңгеруге мүмкіндік беріп, нақты нәтижелерін көрсете бастады. Жобаға қатысып, жаңа бағытты игерген Ақниет Дулат оның басты артықшылықтары жайында айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ақниеттің сөзінше, ол жоба туралы Threads әлеуметтік желісі арқылы білген.

«Мен SMM бағыты бойынша білім алдым. Бұл сала маған мүлде бейтаныс емес еді, өйткені бұған дейін мобилограф ретінде жұмыс істеп, тәжірибе жинақтағанмын. Оқу процесі өте жеңіл әрі түсінікті өтті», – дейді ол.

Оқу барысында Ақниет тек бұрынғы дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, жаңа білім алып, тәжірибесін кеңейткен.

«Жоба маған қатты ұнады. Табысым артты, көп нәрсе үйрендім, өзіме деген сенімім күшейді», – дейді қатысушы.

Қазіргі таңда Ақниет JOLTAP жобасының арқасында кәсіби дамуын жалғастырып, нақты нәтижелерге қол жеткізіп отыр.

«Қазір үш жобамен жұмыс істеймін: екеуінде мобилограф, біреуінде SMM маманы ретінде қызмет атқарып жүрмін», – дейді ол.

Оның айтуынша, JOLTAP – тек жаңа мамандық игеруге емес, сонымен қатар еңбек нарығында өз орныңды табуға жол ашатын тиімді жоба.

Басқа жаңалықтар

Back to top button