Қоғам

Астанадан Талдықорғанға – бір билет, бір бағыт

9 сәуірден бастап жолаушылар үшін жаңа теміржол бағыты ашылады. Енді «Астана – Ақтоғай – Талдықорған» бағыты бойынша тікелей пойыз қатынасы іске қосылып, жол жүру әлдеқайда ыңғайлы болмақ.

Жаңа бағыт №122/121 «Астана – Семей – Астана» пойызының құрамын кеңейту арқылы жүзеге асырылады. Тасымалдаушы — «Арай Транс KZ» ЖШС. Пойыз құрамына екі қосымша вагон енгізіледі: бір купелік және бір плацкарттық вагон.

Бұл вагондар Ақтоғай станциясына дейін негізгі құраммен бірге келеді. Одан кейін олар бөлек пойыз құрамына тіркеліп, сапарын Талдықорған қаласына дейін жалғастырады. Осылайша, жолаушыларға жолда ауысып мінудің қажеті болмайды.

Жаңа бағыт жолаушылар үшін ыңғайлы әрі уақытты үнемдейтін шешімдердің бірі болмақ. Әсіресе, Астана мен Жетісу өңірі арасындағы қатынасты жақсартуға оң әсер етеді.

Пойыз қозғалысы күн ара (әр екі күн сайын) ұйымдастырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button