Қоғам

Ыстық су жасыл түске боялуы мүмкін

"Астана-Теплотранзит" компаниясы тұрғындарға жылу желілерінде арнайы бояғыш қолданылатыны туралы ескертті.

2026 жылғы 4 сәуірде жүйеге қауіпсіз зат — флуоресцеин (Уранин А) қосылады. Бұл жылу құбырларындағы ақаулар мен су ағуларын анықтау үшін қажет.
Мамандардың айтуынша, бояғыш:
•адам денсаулығына зиянсыз
•ауыз судың сапасына әсер етпейді
Алайда краннан жасыл түсті ыстық су ақса, бұл жүйеде ақау бар екенін білдіреді.
Мұндай жағдайда дереу хабарлау қажет:
– iKomek 109
– немесе «Астана-Теплотранзит» диспетчерлік қызметіне

Басқа жаңалықтар

Back to top button