Мектепте тегін тест шықты: қай салаға бейім екеніңді айтып береді
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мектеп оқушылары үшін жаңа зерттеу бастап жатыр. Бұл зерттеу балаларға болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектеседі.

Бұл – оқушыларға арналған тегін тест пен сауалнама.
Оның көмегімен әр баланың қандай пәнге жақын екені нені жақсы көретіні қандай мамандық өзіне сай келетіні анықталады.
7–9 сынып оқушылары арнайы онлайн тест тапсырады. Тест Smart Bolashaq корпоративтік қоры платформасында өтеді. Тесті телефонмен де тапсыруға болады. Уақыты: шамамен 20–40 минут. Ең маңыздысы бұл тестте дұрыс немесе қате жауап жоқ. Тек өз ойыңды шынайы белгілеу керек.
Сондай-ақ ата-аналар да қысқа сауалнамаға қатысады.
Онда балаға қаншалықты көмектесетіні мен мектептің бағыты туралы пікірі сұралады. Тест сәуір және мамыр айларында өтеді. Әр мектептің өз кестесі болады, оны мектеп әкімшілігінен анықтап білесіз.
Бұл тест оқушыға өз қабілетін түсінуге көмектеседі, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт береді. Және ең маңыздысы бәрі тегін. Қорқудың еш қажеті жоқ. Тек шын жауап берсең болғаны.
Қазақстанда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мектеп оқушылары үшін жаңа зерттеу бастап жатыр. Бұл зерттеу балаларға болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектеседі.



