Қоғам

Астанадағы ескі вокзал жаңарған соң қандай болады?

Астанадағы ескі вокзал қазір кәдімгідей өзгеріс үстінде. Бұрынғы қалпы біртіндеп кетіп, орнына заманауи, ыңғайлы нұсқасы келіп жатыр десек болады.

Жоба бойынша вокзал тек сырттай емес, толық жаңарады. Іші де, сырты да жаңартылып, аумағы кеңейеді. Тіпті бірінші және екінші қабаттарға қосымша құрылыс қосылып, ғимарат сәл ұлғаяды.

Жолаушылар үшін де жақсы жаңалық көп. Ескі эскалаторлар мен лифтілер ауыстырылып, перрондардың үстіне арнайы қалқалар орнатылады. Яғни жаңбыр мен қардан қорғану жеңілдейді. Ал ғимараттың өзі берік, отқа төзімді материалдармен қапталады.

Қазір жұмыстар қызу жүріп жатыр. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, демонтаж жұмыстарының 95%-ы аяқталған, ал жалпы құрылыс-монтаж жұмыстары шамамен 24%-ға орындалған.

Әрине, мұндай үлкен жөндеу пойыз қозғалысына да әсер етпей қоймады. Сәуір айынан бастап электр пойыздарының кестесі өзгерді.

Жалпы, аздап қолайсыздық болса да, күтер нәтиже жаман емес сияқты. Жоспар бойынша, жаңартылған вокзал қазан айының соңына қарай жолаушыларға есігін ашады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button