Қоғам

Астана орманға айналуы мүмкін бе? Биыл қанша ағаш отырғызылмақ?

Астанада күн жылына бастасымен қаладағы тіршілік те ерте басталды деуге болады.

Қала әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram-да биыл елордада үлкен жұмыстар басталғанын жазды. Қазірдің өзінде жөндеу, қалпына келтіру және абаттандыру жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Әкімнің айтуынша, ол әріптестерімен бірге қаланың барлық ауданын аралап шықпақ. Жай көлікпен емес, жаяу жүріп қарап, қажет болса жоспарға өзгерістер енгізеді.

Алдағы демалыс күндері жол салу мен жөндеу жұмыстары да басталады. Сонымен қатар, қоғамдық орындарды ретке келтіру, абаттандыру ісі де қолға алынған.

Биыл ерекше назар көгалдандыруға аударылып отыр. Жоспар бойынша, қалада шамамен 1 миллионға жуық ағаш, бұта және түрлі көшеттер отырғызылмақ.

Тағы бір маңыздысы — Астана LRT желісі бойындағы аумақтар да көркейтіледі.

Қысқасы, қалада күн сайын тазалық, жөндеу және жаңарту жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Егер бәрі жоспар бойынша болса, Астана жақын арада әлдеқайда жасыл әрі жайлы қалаға айналуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button