Астанада веложалдау маусымы басталады

Күн жылынды, енді қалада велосипед тебетін уақыт келді. Егер өз велосипедің болмаса, уайымдама — Астанада оны жалға алуға болады. 15 сәуірден бастап веложалдау қайта іске қосылады дейді City Transportation Systems. Сол күні таңғы 9-дан бастап барып-ақ велосипед ала бересің.
Қолдану үшін Velobike.kz сайтына тіркелесің. Егер жеңілдігің болса, соны қайта растап қою керек. Қай жерде станса бар, қандай тариф — бәрін сол жерден көресің.
Қазір қалада 155 станса, шамамен 750 велосипед бар. Алдағы уақытта оларды тағы да көбейтпек: 1300 электрлі велосипед қосылып, стансаларды 195-ке дейін жеткізеді. Бұл жобаны Самұрық-Қазына мен Samruk-Kazyna Trust қолдап отыр.
Жалпы, бұл жүйе бұрыннан бар — 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Қалада велосипед тебуге ыңғайлы арнайы жолдар да бар: мысалы, Тәуелсіздік даңғылы бойымен, Сарыарқа даңғылы мен Бейбітшілік көшелерінде, сонымен қатар саябақтарда да арнайы веложолдар бар. Егер көмек, ақпарат керек болса, iKomek109-ға хабарласа саласың.



