Елорда келбетіне өз үлесіңді қос!

Елордамыздың ажарын арттырып, оның көркем келбетін қалыптастыруға әрбір тұрғынның үлесі маңызды. Егер сіз шығармашылықпен айналысып, қала сұлулығын фотосуреттер арқылы жеткізуді ұнатсаңыз — бұл тамаша мүмкіндік дәл сіз үшін!
Сарайшық ауданында ерекше бастама қолға алынды. Аудан аумағындағы LED экрандар мен аялдамаларды безендіру мақсатында қала өмірінің ең әсем, әсерлі әрі қайталанбас сәттерін бейнелейтін фотосуреттер қабылдануда. Бұл жоба елорданың көркін арттырып қана қоймай, дарынды фотографтардың еңбегін көпшілікке танытуға жол ашады.
Байқауға кәсіби камерамен немесе дрон арқылы түсірілген жоғары сапалы фотосуреттер ұсынылады. Қаланың сәулеті, табиғаты, күнделікті тыныс-тіршілігі немесе ерекше сәттері — барлығы да шығармашылық көзқараспен ұсынылса, жоғары бағаланады.
Ұсынылған жұмыстардың ішінен үздіктері іріктеліп, авторлардың аты-жөні көрсетіле отырып, аудан аумағындағы LED экрандар мен өзге де қоғамдық орындарда орналастырылады. Бұл — өз еңбегіңізді көпшілікке паш етудің бірегей мүмкіндігі.
Фотосуреттер тек жоғары ажыратымдылықта қабылданады және оларды Telegram желісіндегі @SARAISHYQ_AUDANY парақшасына жолдау қажет.
Жұмыстарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 7-30 сәуір аралығы.
Елордамыздың сұлулығын бірге насихаттап, қала келбетінде өз ізіңізді қалдырыңыз!



