ҚоғамМәдениет

Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді

22–24 сәуір күндері Астана қаласында 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Ауқымды іс-шараға сарапшылар, мемлекеттік орган өкілдері және экологиялық ұйымдар қатысып, қоршаған ортаны қорғау мен өңірдің тұрақты дамуы мәселелерін талқылайды.

Саммит барысында қатысушылар экология саласындағы заманауи жобаларды таныстырып, өзара тәжірибе алмасады. Сонымен қатар табиғатқа келетін зиянды азайтуға бағытталған тиімді шешімдер мен ортақ стратегиялар әзірлеу көзделіп отыр.

Іс-шара мемлекет, бизнес және қоғам арасындағы экологиялық бағыттағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл алаңда қоршаған ортаны сақтау, жасыл технологияларды енгізу және экологиялық мәдениетті арттыру мәселелері кеңінен қарастырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button