Спорт

Астаналық Ел чемпиондары!

Астанада шайбалы хоккейден 2013 жылы туған спортшылар арасында өткен Қазақстан Республикасының U-13 чемпионаты өз мәресіне жетті. «Мықтылар» тобында бақ сынаған елордалық «Астана» командасы маусым бойы жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп, нәтижесінде ел чемпионы атанды.


Чемпионаттың шешуші кезеңі – плей-офф ойындары аса тартысты өтті. Бұл кезеңде Астана мен Өскемен қалаларының үздік командалары өзара мықтыны анықтады. Қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмаған «Астана» хоккейшілері сенімді әрі жүйелі ойынымен ерекшеленіп, барлық кездесуде басым түсті.


Финалдық қорытынды бойынша күміс жүлде Өскемен қаласының «Торпедо» командасына бұйырды. Ал үшінші орынды «Барыс» 2013-1 командасы иеленіп, үздік үштікті түйіндеді.


Жеңімпаз команданы тәжірибелі жаттықтырушылар Владимир Матюхин мен Игорь Боровиков баптайды. «Астана» құрамасы – Астана қаласы әкімдігінің №10 мамандандырылған шайбалы хоккей балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері.


2025–2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша «Астана» командасының бұл жеңісі – олардың жүйелі дайындығы мен табанды еңбегінің айқын нәтижесі.

Осылайша жас хоккейшілер өз жас санатында республикадағы ең үздік ұжым екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button