ҚоғамМәдениет

KODOKAN SPIRIT эко акцияға қатысты

18 сәуір күні сағат 12:00-де Астанадағы «KODOKAN SPIRIT» дзюдо орталығы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты.

Іс-шара аясында орталық қызметкерлері аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты.

Орталық өкілдерінің айтуынша, мұндай бастамалар спортшылардың тәртібі мен қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Айта кетейік, «KODOKAN SPIRIT» дзюдо орталығы 2024 жылы Астананың Нұра ауданында іске қосылған. Жалпы аумағы 1200 шаршы метрді құрайтын кешен бір мезетте 1000 адамға дейін жаттығу өткізуге мүмкіндік береді.

Осындай экологиялық акциялар қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға серпін беріп, қала тұрғындарын қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button