Туризм

Қонақжай Астана: туристер қорықпай келсе болады

Астанаға баруды ойланып жүрген туристер қорықпай келе берсе болады. Елорда қонақтары үшін барлық жағдай жасалған — қауіпсіздік те, бағыт-бағдар да толық қамтылған. Қалада туристер өздерін еркін сезінуі үшін арнайы жүйе жұмыс істейді.

Туристердің қауіпсіздігіне туристік полиция да жауап береді. Астана қаласы Полиция департаментінің туристік полиция қызметінің аға инспекторы, полиция капитаны Құлпынай Тәңірберген шетелдік қонақтарға да, жергілікті туристерге де жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Мысалы, қалаға түсе сала-ақ Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы ішінде орналасқан ақпараттық орталықтан көмек ала аласың. Ал қала орталығына келсең, Бәйтерек монументі жанындағы орталық бар. Бұл жерлерде Astana Tourism мамандары қайда бару, не көру, қалай жету керек — бәрін түсіндіріп береді.

Тіл білмеймін деп уайымдаудың қажеті жоқ.  Қызметкерлер үш тілде еркін сөйлейді. Қала туралы пайдалы жадынамаларды да тегін алуға болады.

Ал қауіпсіздік ше? Бұл жағы да назардан тыс қалмаған. Астанада туристік полиция бар — олар әрдайым көмектесуге дайын. Қандай да бір мәселе туындаса, жедел шешуге тырысады. Қысқасы, Астана — тек әдемі қала ғана емес, туристерге ыңғайлы әрі қауіпсіз бағыт.

Басқа жаңалықтар

Back to top button