Қоғам
Қауіпсіз қала: «SOS» батырмалары не үшін керек?

Астанада адамдардың қауіпсіздігі үшін қалада «SOS» батырмалары орнатылған. Қазір олардың саны 40-қа жеткен және олар тәулік бойы істеп тұр деп хабарлайды polisia.kz
Бұл батырмалар адам көп жүретін жерлерде — вокзал, базар, саябақ сияқты орындарда орналасқан. Қауіп төнсе, адамдар сол батырманы басып, бірден полиция шақыра алады.
Жыл басынан бері бұл жүйе арқылы полицияға 9 рет хабар түскен. Барлық жағдайда тәртіп сақшылары тез жетіп, жағдайды тексерген.
Мысалы, бір күні Қабанбай батыр даңғылы маңында күдікті адамдар туралы хабар берілген. Полиция дереу барып, аумақты қарап, бәрі дұрыс па соны анықтаған.
Жалпы, полиция тұрғындарға қауіпсіздік үшін күмәнді жағдай болса, «SOS» батырмасын немесе 102 нөмірін пайдалануға кеңес береді.



