Қоғам
Жәрмеңкеде азық-түлікті СУ ТЕГІН бағаға ал

🍅 Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Астанада 1, 2 және 3 мамыр күндері қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, түрлі бәліштер мен нан өнімдерін, табиғи шырындар, тосап, джем және басқа да көптеген тауарларды сатып ала алады.
Іс-шара 1, 2 және 3 мамыр күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін «Keryen Joly» сауда орталығында өтеді.
📍 Мекенжайы: Алаш тасжолы, 35Б
🚍 Автобус бағыттары: № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317



