Қоғам
Үй жануарыңыздан айырылып қалмаңыз!

Қазақстанда иттер мен мысықтардың чипі бар-жоғын тексеру үшін үй-үйді аралау жоспарланып отыр. Егер жануарда чип болмаса, ол қаңғыбас жануар ретінде танылуы мүмкін.
Жауапкершілік тәртібі мынадай: алдымен ескерту беріліп, чип салдыруға бір ай уақыт беріледі. Кейін айыппұл салынады, ал талап қайта бұзылса — жануар тәркіленуі мүмкін.
Ұсталған жануарлар 5 күн бойы арнайы орында ұсталады. Егер осы уақыт ішінде иесі табылмаса немесе жануарды ешкім асырап алмаса — эвтаназия жасалуы ықтимал.
Түзетулер әлі қабылданған жоқ, бірақ үй жануарларының иелеріне алдын ала қамданған дұрыс.



