Спорт

Тегін Zumba, йога және фитнес: марафонға қосылыңыз

Астанада жаз маусымының басталуына орай тұрғындар мен қала қонақтарына арналған ашық спорттық марафон ұйымдастырылады. Іс-шара 16 мамыр күні таза ауада өтіп, қатысушыларға белсенді демалыс пен көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ.

Марафон сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Astana Music Hall сахнасының артындағы амфитеатр аумағында өтеді.

Бағдарлама аясында Step-аэробика, Fight, Power Fit, йога және Zumba бағыттары бойынша топтық жаттығулар ұйымдастырылады. Қатысушылар екі сағат бойы кәсіби нұсқаушылармен бірге жаттығып, таза ауада уақыт өткізе алады.

Ұйымдастырушылар барлық қала тұрғындарын белсенді өмір салтын қолдауға және жазды спортпен бастауға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button