Спорт

Елорда әлемдік бокстың астанасына айналмақ

2027 жылы елордада бокстан әлем чемпионаты өтеді. Бұл жаңалықты қала әкімі Жеңіс Қасымбек өз инстаграм парақшасында бөлісті.

Әлемнің мықты боксшылары Астанаға жиналып, рингте нағыз тартыс көрсетеді. Ал жанкүйерлерді үлкен шоу, ерекше атмосфера және ұмытылмас сәттер күтіп тұр.

Әкім чемпионатқа дайындық басталып кеткенін атап өтті. Осыған байланысты ол World Boxing өкілдерімен арнайы кездесу өтті.

Қазақ пен бокс егіз ұғым ғой. Сондықтан бұл чемпионат біз үшін жай турнир емес — ел намысы, рух пен күштің алаңы болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button