Спорт

Астанада “ұшуға” болатын жаңа орын пайда болды

Астанада BMX, скейтборд және трюктік самокатқа арналған жаңа экстремалды алаң ашылды.

Астанадағы Ататүрік паркінде жаңа экстремалды Fly Park алаңы ашылды.

Мұнда енді BMX велосипедімен, скейтбордпен және трюктік самокатпен сырғанауға болады. Алаңда биіктігі 3,5 метрден асатын алты арнайы трюк аймағы орнатылған.

Ашылу күні шағын жарыстар ұйымдастырылып, оған елорда тұрғындарымен қатар өзге өңірлерден келген қатысушылар да қатысты.

Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманбердидің айтуынша, жаңа кеңістік жастардың белсенді әрі пайдалы демалысына арналған.

Іс-шара аясында «Астана есірткіге қарсы» акциясы да өтті. Ұйымдастырушылар спорт пен белсенді өмір салтының зиянды әдеттерге жақсы балама екенін айтты.

«Спорт ортасында адамның мақсаты мен дамуға ұмтылысы болады. Мұнда есірткіге орын жоқ», — деді полиция капитаны Жандос Сетенов.

Қазір Астанада экстремалды спортпен 2000-нан астам адам тұрақты түрде айналысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button