Спорт

Астаналық балуан Азия чемпионатында топ жарды

Грек-рим күресінен елордалық спортшы Айбек Айтбеков жастар арасындағы Азия чемпионатында қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады.

Вьетнамда өтіп жатқан күрес түрлерінен U17 және U23 жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында астаналық спортшы Айбек Айтбеков алтын медаль жеңіп алды.

Елордалық балуан грек-рим күресінен 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Финалда ол үндістандық Сураджды айқын басымдықпен жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Чемпионат барысында Айбек өте сенімді өнер көрсетті. Ол бес белдесу өткізіп, қарсыластарынан жалпы 37 ұпай алған. Ал қарсыластарына небәрі 1 ұпай ғана ұстатқан.

Осылайша астаналық спортшы Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті алтын медальді салды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button