Спорт

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион қайта ашылады

1936 жылдан бері тарихы бар аңыз стадион толық жаңғыртудан өтті. Енді ол UEFA талаптарына сай келетін заманауи спорт нысанына айналды. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

3 600 көрерменге арналған стадионда жаңа жасанды алаң, VIP-аймақтар, конференц-зал мен спортшыларға арналған барлық жағдай жасалған.

Ресми ашылуы 4 маусымда өтеді. Ашылу аясында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келетін жасөспірімдер командалары қатысатын республикалық чемпионат ұйымдастырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button