Спорт

Әлемнің үздік балуандары Астанаға жиналады

Біріккен күрес әлемі ұйымы (UWW) 2026 жылғы күрестен әлем чемпионатын өткізетін қала ретінде Астананы ресми түрде бекітті. Халықаралық дода 24 қазан мен 1 қараша аралығында елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді.

Шешім UWW Атқарушы комитетінің отырысында қабылданған. Ұйым өкілдері қазіргі геосаяси жағдай мен халықаралық сапарларға байланысты туындаған қиындықтарды ескергенін мәлімдеді.

Айта кетейік, әлем чемпионаты бастапқыда Бахрейн астанасы Манамада ұйымдастырылуы тиіс болған. Алайда UWW мен Бахрейн күрес федерациясы турнирдің өткізілетін орны өзгергенін ресми хабарлады.

Инспекциялық тексерулер мен спорт нысандарының дайындығын бағалау нәтижесінде Қазақстан жаңа қабылдаушы ел ретінде таңдалды. Осылайша, Астана әлемдік күрес бәсекесін екінші рет қабылдағалы отыр. Бұған дейін елордада 2019 жылы да әлем чемпионаты өткен болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button