Спорт

Пәтер мен екі көлік: елордада ауқымды бәйге өтеді

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған республикалық бәйге 7 маусымда «Қазанат» ипподромында өтеді. Ауа райының қатты ысуына байланысты жарыстың ашылу салтанаты сағат 17:00-ге ауыстырылды.

7 маусым күні елордадағы «Қазанат» ипподромында республикалық бәйге ұйымдастырылады. Синоптиктер +38 градусқа дейін ыстық болатынын болжағандықтан, ұйымдастырушылар жарыстың уақытын өзгертті.

Салтанатты ашылу сағат 17:00-де басталады.

Бағдарламада:

• 9 шақырымдық «Құнан» бәйге;
• 16 шақырымдық «Топ» бәйге;
• 25 шақырымдық «Аламан» бәйге.

Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтардан бөлек, екі Changan автокөлігі мен бір бөлмелі пәтер табысталады.

Көрермендер үшін кіру тегін. Ипподромға LRT және №37, 42, 302, 303, 320, 323, 501 бағыттары арқылы жетуге болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылардан жиналған барлық жарна қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады. Бәйгеге еліміздің әр өңірінен келген таңдаулы тұлпарлар қатысады деп күтілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button