Білім
Қазақ тілін тегін үйренуге мүмкіндік!
Астана тұрғындары қазақ тілін тегін меңгеруге мүмкіндік алады. Елордада онлайн және офлайн форматта өтетін тіл курстарына қабылдау басталады.

Астанада қазақ тілін тегін оқыту курстарына қабылдау басталады. Жобаны Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Руханият» КММ бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Өтінім қабылдау 1 шілдеде басталып, сабақтар 3 тамызда қолға алынады. Оқу онлайн және офлайн форматта өтеді. Сабақтар аптасына үш рет ұйымдастырылады.
Курс соңында қатысушыларға арнайы сертификат табысталады. Тіркелу Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 209-кабинет мекенжайында жүргізіледі.



