Спорт
Елордалық спортшылар Азия чемпионатынан олжалы оралды
Қытайда өткен триатлоннан Азия чемпионатында астаналық спортшылар ел қоржынына алтын және күміс медаль салды.

Қытайдың Сюйчжоу қаласында өткен триатлоннан Азия чемпионатында астаналық спортшылар сәтті өнер көрсетті. Құрлықтық біріншілікке Азияның 20 елінен 185 спортшы қатысты.
U17 жас санатында елордалық Рамазан Айнегов топ жарып, Азия чемпионы атанды. Ол «суперспринт» бағдарламасында мәреге бірінші болып жетіп, алтын медаль иеленді.
Сондай-ақ U17 санатындағы аралас командалық эстафетада Қазақстан құрамасы күміс жүлдені жеңіп алды. Команда құрамында өнер көрсеткен астаналық спортшы Алуа Нұрмұхамет те бұл жетістікке өз үлесін қосты.
Елордалық спортшылардың нәтижесі Қазақстан триатлонының халықаралық деңгейдегі әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.



