Спорт

 20 маусым тегін велошеру өтеді: тіркелу басталды

Астанада 20 маусым күні «Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында бұқаралық велошеру ұйымдастырылады. Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, тұрғындарды спортқа баулу.

Велошеруге қатысу тегін. Онлайн тіркелу 18 маусым сағат 09:00-де басталып, 19 маусым сағат 18:00-деаяқталады. Өтінімді reg.elordasport.kz сайты арқылы беруге болады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, онлайн тіркеуге 800 адам ғана қабылданады. Ал алдын ала тіркеле алмаған тұрғындар 20 маусым күні сағат 07:30-дан бастап іс-шара өтетін жерде тіркеле алады.

Онлайн тіркелген қатысушыларға лотерея билеттері жарыс күні сағат 07:30–09:00 аралығында таратылады.

Велошеру сағат 09:00-де басталады. Бағыты – «Астана орманы» жасыл белдеуі (Қосшы–Үркер бағыты). Қатысушылар жалпы 21 шақырым қашықтықты жүріп өтеді.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің, қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының және Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен ұйымдастырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button