Спорт
Чемпионат аяқталды, жүлделер елорда қоржынына түсті
Астанада алғаш рет өткен таеквондодан Алтай Одағы чемпионатында елордалық спортшылар алтын және қола медаль жеңіп алды.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен халықаралық чемпионатта астаналық спортшылар сәтті өнер көрсетті.
Жастар арасында 46 келіге дейінгі салмақта Айым Серікбаева чемпион атанып, алтын медаль жеңіп алды. Ал 59 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Алинұр Еркін қола жүлдеге ие болды.
Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 48 медаль жеңіп алып, командалық есепте екінші орынға тұрақтады.
Енді 25–27 маусым күндері елордада Kazakhstan Open халықаралық рейтингтік турнирі өтеді.



