Мәдениет

Ұлттық өнердің жаңа тынысы: Астанада мультимедиалық қойылым ұсынылады

5 шілде күні елордалық амфитеатр ұлттық өнер мен заманауи технология тоғысатын ерекше мәдени кеңістікке айналады. Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне орай мұнда музыка, би, бейнепроекция және заманауи сахналық шешімдерді біріктірген мультимедиалық қойылым ұсынылады.

Қойылымның негізгі мақсаты – домбыра өнерінің тарихи маңызын танытып, ұлттық мұраны жаңа форматта көрерменге жеткізу әрі ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу.

Мерекелік бағдарлама сағат 12:00-де басталады. 20:00-ге дейін амфитеатр аумағында:

  • домбыра мен жетігенде ойнауды үйрететін шеберлік сабақтары;
  • ұлттық музыкалық аспаптар жасау алаңы;
  • балаларға арналған шығармашылық аймақ;
  • ашық аспан астындағы кино көрсетілімі ұйымдастырылады.

Ал сағат 20:00-де амфитеатр сахнасында мерекелік концерт өтеді.

Барлық іс-шараға кіру тегін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button