Мәдениет

Ұлттық руханият жайлы ашық әңгіме: зиялы қауым Астанада бас қосады

 3 шілде күні сағат 11:00-де Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада ұлттық руханият, мемлекеттік тіл және қазақ әдебиетінің бүгіні мен болашағы талқыланатын «Зерделі ұлт болмысы» атты дөңгелек үстел өтеді.

Іс-шараны Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – ұлттың рухани болмысын сақтаудағы әдебиеттің, мемлекеттік тілдің және ұлттық құндылықтардың маңызын кеңінен талқылау. Сонымен қатар қазақ әдебиетінің қазіргі даму бағыты, қоғамдағы рөлі және ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі қаламгерлердің жауапкершілігі сөз болады.

Кездесуге Қазақстан Жазушылар одағының белгілі қаламгерлері қатысады. Олардың қатарында Төлен Әбдік, Роза Мұқан, Оңайгүл Тұржан және өзге де ақын-жазушылар бар.

Пікірталас барысында ұлттық руханият, тіл саясаты, әдебиеттің қоғамдық санадағы орны, қазіргі қаламгердің жауапкершілігі және ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру жолдары талқыланады. Сондай-ақ қатысушылар өзара пікір алмасып, қазақ әдебиетінің бүгінгі тынысы мен келешегі жөнінде ой бөліседі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button