«Саз самалы»: Арбатта мәдени демалыс пен шығармашылық үндестігі тоғысты
Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Саз самалы» мәдени-демалыс жобасы өтті.
Үш күн бойы қала тұрғындары мен елорда қонақтары ашық аспан астында ұйымдастырылған мазмұнды мәдени бағдарламаның куәсі болып, түрлі ойын-сауық және танымдық іс-шараларға белсене қатысты.
Жоба аясында интерактивті викториналар, логикалық тапсырмалар, шығармашылық ойындар, еркін форматтағы ән орындау алаңы және көрермендердің қатысуымен өткен қызықты бағдарламалар ұйымдастырылды. Қатысушылар өз білімдерін сынап, өнерлерін ортаға салып, түрлі белсенділіктер арқылы көтеріңкі көңіл күй сыйлаған мәдени орта қалыптасты.
«Саз самалы» жобасы тұрғындардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастырумен қатар, қоғамдық кеңістіктердің мәдени әлеуетін арттыруға, шығармашылық бастамаларды қолдауға және қала тұрғындарының мәдени өмірге белсенді араласуына ықпал етті. Ашық алаңда өткен іс-шара әртүрлі жастағы азаматтардың басын қосып, мәдени қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік берді.
Жоба барысында ұлттық мәдениет пен өнер кеңінен насихатталып, қатысушыларға рухани демалыс сыйлайтын ерекше атмосфера қалыптасты. Келушілер ұйымдастырылған бағдарламаларға жоғары қызығушылық танытып, шығармашылық алаңдарда белсенділік көрсетті.
«Саз самалы» мәдени-демалыс жобасы өз мақсатына толықтай жетіп, қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, мәдени белсенділікті арттыруға және елорданың қоғамдық кеңістіктерін жандандыруға бағытталған маңызды мәдени бастама ретінде жоғары деңгейде өткізілді.



