Мәдениет

BaiQymyz-2026: 56 тонна қымызбен рекорд жаңарды

Астанада өтіп жатқан BaiQymyz-2026 гастрономиялық фестивалінде 56 тонна қымыз ұсынылып, Қазақстан рекортар кітабында ресми түрде жаңартылды.

Астанадағы «Қазанат» ипподромында өтіп жатқан BaiQymyz-2026 гастрономиялық фестивалінде Қазақстан рекордтар кітабы бойынша жаңартылды.

Фестиваль аясында келушілерге 56 тонна қымыз ұсынылып, бұл көрсеткіш елдегі жаңа рекорд ретінде ресми тіркелді.

Халықаралық «Ең үздік қымыз» байқауына Қазақстанның барлық өңірлері мен Ресейден келген 59 қымыз өндіруші қатысуда. Байқаудың жалпы жүлде қоры 45 миллион теңгені құрайды. Бас жүлде иесіне автокөлік табысталады.

Фестивальде қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, қолөнер көрмесін аралап, көкпар, аударыспақ, шөген және ат үстіндегі квиддич сияқты ұлттық ат спорты ойындарын тамашалай алады. Балаларға арналған этноалаң мен қазақстандық өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концерттер де ұйымдастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button