Білім

Енді 1-сыныпта баға да, үй тапсырмасы да болмайды

Қазақстанда бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу талаптары бекітілген. Оған сәйкес, бірінші сынып оқушыларына үй тапсырмасы берілмейді әрі олардың білімі бағамен бағаланбайды.

Қазақстанда 1-сынып оқушыларына үй тапсырмасын беруге болмайды. Сондай-ақ олар бағасыз жүйемен оқиды. Бұл талап балалардың мектепке жеңіл бейімделуіне және оқу үдерісіне артық күйзеліссіз үйренуіне бағытталған.

Ал бастауыштың басқа сыныптары үшін үй тапсырмасын орындау уақытына шектеу белгіленген:

  • 1-сынып – үй тапсырмасы берілмейді, баға қойылмайды;
  • 2-сынып – үй тапсырмасын орындауға 50 минутқа дейін;
  • 3–4-сыныптар – 70 минутқа дейін.

Сонымен қатар каникул, мереке және демалыс күндеріне үй тапсырмасын беруге тыйым салынған. Бұл талап оқушылардың толыққанды демалуына мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button