Мәдениет

Comic Con Astana-да кімдер өнер көрсетеді?

6-9 тамыз аралығында елордада бесінші Comic Con Astana халықаралық фестивалі өтеді. Дәстүрлі түрде кино, сериал, комикс, бейнеойын, аниме және поп-мәдениет жанкүйерлерін бір алаңға жиналады.

Биыл фестиваль екі локацияда өтеді:

  • Barys Arena – басты сахна, халықаралық жұлдыздармен кездесулер және шоу-бағдарламалар;
  • «Алау» мұз сарайы – көрме аймақтары, компаниялар стендтері, ойын алаңдары, интерактивтер мен түрлі ойын-сауық бағдарламалары.

Биылғы фестивальдің алғашқы хедлайнері – «Тақтар ойынындағы» Джейме Ланнистер рөлімен танылған дат актері Николай Костер-Вальдау. Сонымен қатар ол «Қара сұңқардың күйреуі», «Аспан патшалығы», «Обливион», «Мысыр құдайлары» және басқа да танымал жобаларға түскен.

Фестивальдің тағы бір басты қонағы – Netflix-тің One Piece сериалындағы Монки Д. Луффи рөлін сомдаған мексикалық актер Иньяки Годой. Ол жанкүйерлермен кездесіп, сұрақтарға жауап береді, қолтаңба және фотосессияларға қатысады.

Comic Con Astana 2026-ға сондай-ақ әлемге танымал косплейерлер мен блогерлер келеді. Арнайы қонақтар қатарында:

  • Kamui Cosplay (Германия);
  • SuperCrastan (Даня Крастер);
  • Jane Kravitz;
  • Karrambaby;
  • Dobryak;
  • қазақстандық блогер Dalbek бар.

Фестивальдің басты оқиғаларының бірі – халықаралық косплей байқауы. Биыл оның жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Бұл Орталық Азиядағы ең ірі косплей турнирлерінің бірі.

Comic Con Astana бүгінде Орталық Азиядағы ең ірі поп-мәдениет фестивальдерінің біріне айналды. Бұған дейін оның қонақтары қатарында Мадс Миккельсен, Энди Серкис, Пилу Асбек, Скотт Эдкинс, Майкл Рукер және басқа да танымал актерлер болған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button