Спорт

«Болашақ ойындары – 2026»: Әлемдік киберспорт жұлдыздары Астанаға жиналады

29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана «Болашақ ойындары – 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық мультиспорттық турнирін қабылдайды. Бірегей клубтық форматтағы жарыста әлемнің үздік киберспортшылары халықаралық командалар құрамында виртуалды және нақты спорт ареналарында бақ сынайды.

Турнирге Team Spirit, T1, Team Falcons, Boca Juniors, Valencia Basket, LGD.Pinghu және NOVAQ секілді әлемдік деңгейдегі командалар қатысады.

Қазақстан атынан 8 бағыт бойынша 11 команда өнер көрсетеді:

  • Phygital Football UFL — ACF x Allur, UEL Team;
  • Phygital Basketball — GTB KZ, PBC Astana;
  • Phygital Fighting — Future Nomads;
  • MOBA Mobile MLBB — Rune Eaters;
  • MOBA PC Dota 2 — Rune Eaters;
  • Battle Royale: PUBG BATTLEGROUNDS — DIGA Esports;
  • Phygital Shooter CS 2 — NOVAQ, TeamKZ;
  • Phygital Dancing — Гүлназ Аманғали.

Ашылу салтанаты «Жібек жолы», «Qazsport» және «Хабар» телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі. Көрермендерді AI-графика, LED-инсталляциялар, лазерлік шоу, роботтандырылған элементтер мен әсерлі сахналық қойылым күтеді.

Жарыстар Астананың төрт негізгі спорт нысанында өтеді: Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Beeline Arena ұлттық теннис орталығы және Барыс Арена көпбейінді мұз сарайы.

Жарыс күнтізбесі

  • Phygital Basketball — 29 шілде – 3 тамыз
  • Battle Royale: PUBG BATTLEGROUNDS — 31 шілде – 2 тамыз
  • MOBA PC Dota 2 — 2–5 тамыз
  • Phygital Shooter CS 2 — 4–8 тамыз
  • Phygital Football UFL — 4–9 тамыз
  • MOBA Mobile MLBB — 6–9 тамыз
  • Phygital Dancing — 6–7 тамыз
  • Phygital Fighting — 8 тамыз

Турнир билеттері Freedom Ticketon ресми операторы мен Freedom Super App мобильді қосымшасы арқылы сатылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button