Білім

Астана әкімдігінің 303 білім гранты: қайда және қалай тапсырамыз?

Астана әкімдігі 2026-2030 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 303 білім беру грантын бөлді. Гранттар конкурсына құжат қабылдау 5-10 тамыз аралығында өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 5-10 тамыз аралығында қабылданады. Талапкерлер өтінішті өздері таңдаған жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы арқылы тапсыра алады.

Гранттар мына жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламалары бойынша бөлінді:

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Көлік қызметтері.

А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу.

Astana International University

  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
  • Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;
  • Физика пәні мұғалімдерін даярлау;
  • Математика пәні мұғалімдерін даярлау;
  • Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;
  • Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін даярлау;
  • Көркем еңбек және сызу пәні мұғалімдерін даярлау;
  • Ақпараттық технологиялар.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
  • Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;
  • Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;
  • Математика пәні мұғалімдерін даярлау;
  • Физика пәні мұғалімдерін даярлау;
  • Ақпараттық технологиялар;
  • Арнайы педагогтерді даярлау:
    • дефектолог;
    • логопед;
    • тифлопедагог;
    • сурдопедагог.

Esil University

  • Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;
  • Математика пәні мұғалімдерін даярлау;
  • Ақпараттық технологиялар.

Астана әкімдігі талапкерлерге конкурсқа қатысу үшін өтінішті тиісті жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы арқылы тапсыру қажет екенін ескере кетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button