Спорт

21 шақырым және 10 велосипед: Астанада велошеру өтеді

Астанада Спорт күніне орай жаппай велошеру өтеді. Қатысушылар «Астана орманы» жасыл белдеуі арқылы 21 шақырым жүріп өтеді. Шара соңында қатысушылар арасында 10 велосипед ойнатылады.

8 тамызда елордада Спорт күніне арналған жаппай велошеру ұйымдастырылады.

Қатысушылар «Астана орманы» жасыл белдеуі аумағындағы Қосшы – Үркер бағыты бойынша 21 шақырым жүріп өтеді.

Тіркелу 5 тамыз күні сағат 09:00-де reg.elordasport.kz сайтында басталады. Қатысушылар саны шектеулі, велошеруге 700 адам қатыса алады.

Шерудің басталуы сағат 09:00-де, Қарқаралы көшесі, 23 мекенжайында өтеді.

Қатысу тегін. Велошеру аяқталғаннан кейін қатысушылар арасында 10 велосипед ойнатылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button