25 оқушы, 24 грант: BINOM мектебінің бір сыныбы үздік нәтиже көрсетті
Ә. Бөкейхан атындағы BINOM мектебінің бір сыныбында 25 түлек оқуын аяқтап, оның 24-і грант иегері атанды. Түлектер Қазақстандағы ғана емес, шетелдегі танымал университеттерге де оқуға түсті.
Ә. Бөкейхан атындағы BINOM мектебінің түлектері биылғы оқу жылын ерекше нәтижемен аяқтады. Бір сыныптағы 25 оқушының 24-і грант иегері атанып, Қазақстан мен шетелдегі жоғары оқу орындарына түсті.
Олардың қатарында Nazarbayev University, Cardiff University, Harbin Institute of Technology, Satbayev University, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Zhongnan University of Economics and Law, Astana IT University және басқа да оқу орындары бар.
Бұл сыныптың оқушылары BINOM мектебіне оның ашылған күнінен бастап бірге келген. 7-сыныптан бері бір сыныпта білім алып, бірнеше жыл бойы бір мақсатқа — сапалы білім алып, қалаған университеттеріне түсуге ұмтылған.
Грант иегерлерінің арасында Айтпай Тамирлан — Nazarbayev University, Әлібек Альтаир — Harbin Institute of Technology, Shenzhen, ал Амангелді Нұрхан, Амангелді Олжас, Сембаев Мади, Бейсен Алмас, Бакасов Әміржан, Журсинтай Мейржан — Cardiff University Kazakhstan студенттері атанды.
Басқа түлектер де Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарына жолдама алды. Олардың қатарында Satbayev University, ҚазҰУ, ҚазАТУ, Astana IT University, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Qazaq AI University, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті және тағы басқа оқу орындары бар.
Ал Сыздық Аманжол Xidian University-ге ақылы бөлімге оқуға түсті.
Мектеп өкілдерінің айтуынша, бұл нәтиженің артында бірнеше жылдық еңбек тұр. Оқушылардың өз ізденісімен қатар, ата-аналар мен ұстаздардың қолдауы да маңызды рөл атқарған.
Нәтижесінде бір сыныптың 25 оқушысының 24-і грант иегері атанды. Ал енді оларды мектептегі емес, университеттегі жаңа кезең күтіп тұр.



