Спорт
700 қатысушы, 21 шақырым: Астана бүгін велосипедке мінді
Астанада Спорт күніне орай жаппай велошеру өтті. 700-ге жуық қатысушы «Астана ормандары» жасыл белдеуімен 21 шақырым жүріп, шара соңында 10 велосипед ойнатылды.

Астанада Спорт күніне орай жаппай велошеру өтті. Қатысушылар Қосшы – Үркер бағыты бойынша 21 шақырым жүріп өтті.
Велошеруге 700 адам қатысты. Шараға қатысу тегін болды.
Ал ең қызықты бөлігі – мәреден кейін қатысушылар арасында 10 велосипед ойнатылды.
Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттап, елорда тұрғындарын спортқа тарту мақсатында ұйымдастырылды.



