Мәдениет

Жетісудың бояуы: Астанада өңірдің мәдени жәрмеңкесі өтеді

Алдағы демалыс күндері Астанада Жетісу облысының мәдениеті мен шығармашылығына арналған жәрмеңке өтеді. Іс-шара «CreativeAimaq» республикалық жобасы аясында Qazaq Creative Hub алаңында ұйымдастырылады.

Екі күнге жоспарланған жәрмеңкеде елорда тұрғындары мен қонақтары Жетісу өңірінің ұлттық мұрасымен, дәстүрімен және заманауи өнерімен таныса алады.

Іс-шара аясында өңірдің табиғаты мен туристік мүмкіндіктерін таныстыратын Welcome Zone интерактивті аймағы жұмыс істейді. Ал «Ұлттық аспаптар әлемінде» қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары көпшілік назарына ұсынылады.

Nomad Art Hall алаңында «Zhetysu Creative» бейнеролигі көрсетіліп, Бикен Римова атындағы академиялық драма театрының театрландырылған қойылымы мен Nomad Style Show сән көрсетілімі өтеді.

Сондай-ақ Ethno Village аумағында ұлттық тұрмыс пен қолөнерге қатысты бұйымдар таныстырылады. Келушілер ат әбзелдерін, ағаш және сүйектен жасалған дәстүрлі бұйымдарды тамашалай алады.

Жәрмеңке 15-16 тамыз күндері Жошы хан көшесі, 16/2 мекенжайындағы Qazaq Creative Hub алаңында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button