Спорт

Балаңыз спортқа қызыға ма? Астанада тегін үйірмелерге қабылдау жүріп жатыр

Жаңа оқу жылы қарсаңында Астанада балалар мен жасөспірімдерді спорт мектептеріне тегін оқуға қабылдау және іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл — баланың спортқа қызығушылығын дамытып қана қоймай, кәсіби спортқа алғашқы қадам жасауына мүмкіндік беретін тегін бағдарлама.

Қазір елордада 10 спорт мектебі жұмыс істейді. Онда 62 спорт түрі, оның ішінде 39 олимпиадалық спорт бағыты бойынша жаттығулар ұйымдастырылған. Бүгінде шамамен 8 мың бала мен жасөспірім спорт мектептерінде тегін білім алып, жаттығып жүр.

Балаларға ұсынылатын спорт бағыттарының қатарында:

  •  футбол және футзал;
  •  грек-рим және әйелдер күресі;
  •  көркем және спорттық гимнастика;
  • су спорт түрлері;
  • биатлон және шаңғы жарысы;
  •  конькимен жүгіру;
  • садақ ату;
  •  жеңіл атлетика;
  • шайбалы хоккей;
  • спорттық құзға өрмелеу және басқа да спорт түрлері бар.

Қай жастағы балалар қабылданады?

Балаларды негізгі қабылдау тамыз-қыркүйек айларында өтеді. Іріктеу кезінде баланың жасы, физикалық көрсеткіштері, қабілеті және таңдалған спорт түріне қойылатын талаптар ескеріледі.

Мысалы, көркем және спорттық гимнастикаға 2020 жылы туған балалар, батутта секіруге 2019–2021 жылдары туған балалар, ал спорттық құзға өрмелеуге 2017–2020 жылдары туған, 6 жасқа толған балаларқабылданады.

Әр спорт түрінің жас шегі мен іріктеу талаптары әртүрлі болғандықтан, ата-аналар алдын ала нақты ақпарат алғаны жөн.

Қалай жазылуға болады?

Қабылдау мерзімі, қажетті құжаттар, жас ерекшеліктері, іріктеу талаптары және спорт мектептерінің мекенжайлары туралы толық ақпаратты Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми ресурстарынан және спорт мектептерінің әлеуметтік желідегі парақшаларынан білуге болады.

Қосымша ақпарат алу үшін +7 (7172) 55-67-53 нөміріне хабарласуға болады.

Ата-аналарға баласының қызығушылығы мен мүмкіндігіне сәйкес спорт түрін таңдап, қабылдау мерзімін өткізіп алмау ұсынылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button