Білім

Астана мектептеріне 1,2 млн-нан астам жаңа оқулық жеткізілді

Астанада жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл елорда мектептеріне оқушыларды қажетті оқу әдебиетімен толық қамтамасыз ету үшін 14 баспадан 1 млн 200 мыңнан астам оқулық пен оқу-әдістемелік кешен сатып алынды.

Қазіргі таңда барлық сатып алынған оқу әдебиеті елордаға толық жеткізіліп, мектептерге таратыла бастады.

Оқулықтарды білім беру ұйымдарына жеткізу бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Негізгі мақсат – оқу жылы басталғанға дейін барлық оқушыны қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз ету.

31 тамызға дейін Астанадағы барлық оқушыны оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен 100 пайыз қамту жоспарланған.

Осы жұмыстардың нәтижесінде жаңа оқу жылында елордалық оқушылар қажетті оқу әдебиетімен толық қамтамасыз етіліп, сабақтарды ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button