Спорт

Күндіз жүгіруге уақыт болмаса, түнде жүгіруге болады

Елорда тұрғындарын ерекше спорттық кеш күтеді. 5 қыркүйекте Триатлон саябағында «Night Run» түнгі жүгіру жарысы өтеді.

Шара «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында ұйымдастырылып, сағат 20:00-де басталады. Қатысушылар 5 шақырым қашықтықты жүгіріп өтеді.

Жарысқа қатысу тегін. Алайда орын саны шектеулі – барлығы 1700 адам қабылданады. Онлайн тіркеу 2 қыркүйектен бастап reg.elordasport.kz сайтында жүргізіледі.

Қатысушылар жарыс күні сағат 17:30-дан 19:30-ға дейін Триатлон саябағынан старт нөмірі мен лотерея билетін алып кетуі керек.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, түнгі жүгірудің мақсаты – қала тұрғындарын спортқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту.

Айта кетейік, жарыс саябақ аумағында өтетіндіктен, қала көшелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылмайды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button