Қоғам

Астанада өрт қауіпсіздігі айы басталды: құтқарушылар тұрғын үйлерді аралап жүр

Құтқарушылар өрт шығу қаупін барынша азайтып, сондай-ақ күзгі-қысқы кезеңде қала тұрғындарының қаза болуы мен жарақаттануының алдын алуды көздеп отыр.

Өрт қауіпсіздігі айлығының алғашқы кезеңі аясында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері күн сайын тұрғын үй секторын аралап, аулаларды тексеріп жатыр.


Құтқару қызметі әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға ерекше көңіл бөлуде. Атап айтқанда, қалалық құрылымдармен бірлесіп, Төтенше жағдайлар департаменті олардың үйлеріне автономды өрт хабарлағыштары, улы және табиғи газды анықтайтын датчиктерді тегін орнатады. Сонымен қатар жиналған күйеден мұржаларды тазартуға көмектеседі.

Шаралардың негізгі мақсаты – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етіп, күзгі-қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу.

Басқа жаңалықтар

Back to top button