VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы күміс жүлдегер атанды.
Қырғызстанның Ыстықкөл өңірінде өткен дүбірлі доданың ақтық сынында Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары өзара мықтыны анықтады. Қос елдің көкпаршылары арасындағы шешуші бәсекені тамашалауға 20 мыңға жуық жанкүйер жиналды.
Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ тартыс қыза түсті. Алаң иелері есеп ашқанымен, Қазақстан құрамасының капитаны Құрманбек Тұрғанбек қарымта салым салып, таразы басын теңестірді. Бірінші тайм 3:2 есебімен аяқталды.
Екінші таймда Қырғызстан құрамасы басымдығын арттырып, кездесуді 7:2 есебімен өз пайдасына шешті. Осылайша алаң иелері алтыннан алқа тақса, Қазақстан көкпаршылары күміс жүлдені еншіледі.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2024 жылы өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында чемпион атанған болатын.
Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» қоры
Бас серіктес: Спортты қолдау қоры



