Спорт

Астаналық 77 спортшы Азия ойындарында бақ сынайды

19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында XX жазғы Азия ойындары өтеді. Aichi-Nagoya 2026 бағдарламасына 43 спорт түрі енгізіліп, 460 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Қазақстан құрамасы сапында Астанадан 77 спортшы спорттың 30 түрінен сынға түседі.

Елордалық спортшылардың қатарында баскетбол, гимнастика, жүзу, ескек есу, триатлон, теннис, жеңіл атлетика және велоспорт өкілдері бар. Сондай-ақ Астана спортшылары бокс, күрес, джиу-джитсу, таеквондо, семсерлесу және нысана көздеу бойынша бақ сынайды.

Азия ойындарында елорда атынан Юлия Путинцева, Александр Шевченко, Анна Данилина, Айбек және Нұрбек Оралбай, Ризабек Айтмұхан, Әділбек Мусин, Кирилл Герасименко секілді танымал спортшылар өнер көрсетеді.

Бұдан бөлек, Астана өкілдері брейкинг, падел, спорттық құзға өрмелеу, скейтбординг және киберспорт сияқты жаңа бағыттарда да жүлдеге таласады.

Елордалық спортшылар Азия ойындарында Қазақстан қоржынына жүлде салуға талпынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button