Басты жаңалықҚоғам

Қазақстандықтар енді пойызда да тұрақты интернет қолданады

Қазақстан пойыздарында енді тұрақты интернет пайда болады. Енді бізге көп нәрсе қалған жоқ — тұрақты розетка, жұмыс істейтін кондиционер және таңғы 6-да фольгаға оралған тауық етін шығарып жемейтін көрші болса болғаны.

ҚТЖ қыркүйек айының соңына дейін 124 пойыз құрамына Starlink интернетін қосуды жоспарлап отыр. Бұл — 50 қалааралық бағыттағы 1235 вагон. 8 қыркүйектегі мәлімет бойынша, интернет қазірдің өзінде 31 бағыттағы 59 пойыз құрамында жұмыс істеп тұр.

Интернет жылдамдығы 100 Мбит/с-қа дейін жетеді деп уәде етілуде. Жолаушыларға WhatsApp пен Telegram-да шексіз мәтіндік хабарлама жіберу тегін болады. Ал видео көру, файл жүктеу және интернеттің басқа да «қызықтары» үшін қосымша ақы төлеу керек.

Енді даланың қақ ортасында телефон ақыры толық интернет көрсетеді. Ал пойыздың межелі жерге жетуіне әлі 14 сағат бар.

Прогресті тоқтату мүмкін емес, әрине. Әсіресе оның өзі пойызбен келе жатса.

Басқа жаңалықтар

Back to top button