Білім

Көкталдағы №41 мектепке 550 жаңа корпус қосылды

Көктал шағын ауданындағы №41 мектепте 550 орындық жаңа оқу корпусы ашылды. 56 жыл бұрын салынған білім ордасы бұған дейін жобалық қуаты 460 орын болса да, 1,3-1,5 мың оқушыға дейін білім беріп келген.

Жаңа үш қабатты ғимаратта 5-11 сыныптарға арналған 23 кабинет, робототехника және STEM зертханалары, информатика, физика, химия, биология кабинеттері бар. Оқушылар үшін 3D-принтер, роботтар, квадрокоптерлер және заманауи станоктар қойылған.

Ал толық жөндеуден өткен ескі ғимаратта 1-4 сынып оқушылары оқиды. Мұнда жеке асхана мен оқу алаңы қарастырылған.

Жаңа корпус мектептегі орын тапшылығын азайтып, оқушыларға заманауи жағдайда білім алуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button