БілімҚоғам

«Назар аудар, жаяу жүргінші!»: 3 күнде 500-ден астам заңбұзушылық тіркелген

Астанада «Назар аудар, жаяу жүргінші!» үш күндік акциясының қорытындысы шығарылды

14-16 қыркүйек аралығында өткен рейд барысында полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілер тарапынан 400-ден астам заң бұзушылықты және жүргізушілердің қиылыстардан өту ережесін бұзған 127 фактісін анықтады.

Балалардың жол-көлік жарақатының алдын алуға ерекше назар аударылды. Елорда мектептерінде полиция қызметкерлері жолды дұрыс кесіп өту ережелері туралы 46 түсіндіру дәрісін өткізіп, жаяу жүргіншілерге ақпараттық жадынамалар таратты.

Сонымен қатар полиция білім беру ұйымдары, аялдамалар мен сауда орталықтарының маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінің жағдайын тексерді. Мамандар жол белгілерінің болуын, жол таңбаларының көрінуін, жарықтандырудың жұмыс істеуін және қоршаулардың бүтіндігін бағалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button